Қос қарлығаш

Oct 27, 2013 09:16


Әбділда Тәжібаев

Қос қарлығаш

Қос қарлығаш ұшты аспанда,
Қанаттары талды қанша,
Асықты олар ұзақ жолда,
Жетіп қашан дем алғанша.

Кетті құстар ілгеріге,
Көк теніздер қалды төмен.
Кірісті бір әңгімеге
Өздерінің тілдерімен:

Неткен ғажап орыс жері!
Қыздары да тым көңілді.
Ер боп туған еркектері,
Сүю керек мұндай елді...

Қарлығаштар қанат қақты,
Жолды өндіріп алсақ дейді.
Ойлары да тым ләззәтті:
Жетіп ұя салсақ дейді.

Деревняға жетті сүйген,
Үшты екеуі шыр айналып:
Шырқырасты мұңды күймен,
Көзден де жас кетті тамып.

Үйлері жоқ үйреніскен,
Откен жылы ұя салған.
Қираған, тек орны калған,
Сорайған пеш мойны қалған.

Сүйкімді қыз Тамара да
Сыңсып сұлу ән салатын,
Көрінбейді бұл арада
Жылда күтіп қарсы алатын.

Қос қарлығаш тындай қалды:
Жетті алыстан бір сұлу ән.
Шырқағаны, толқытқаны
Айнымайды Тамарадан.

Қарлығаштар қайдасыңдар?!
Мен мұндамын, тездетіңдер,
Тез жетіңдер, адаспаңдар,
Меніменен әндетіңдер!»

Деп жырлаған қыздың үнін
Естіп құстар қанат қақты.
Тамараның ұқты тілін,
Жетті екеуі, сүйді тәтті...

Күншуақта тұр Тамара,
Қос қарлығаш екі иінінде.
Үшеуі де қуанады
Қарап жаңа сәулетті үйге.

1942

kazachski

Previous post Next post
Up