Казахский - 58. У врача

Nov 13, 2013 03:44

ДӘРІГЕРДЕ

А: - Кіруге рұқсат па?
Д: - Әрине, рұқсат. Кіріңіз.
А: - Сәлеметсіз бе?
Д: - Сәлеметсіз бе? Мен сізді тыңдап отырмын. Қай жеріңіз ауырады?
А: - Менің асқазаным немесе бауырым ауыратын сияқты. Тамаққа тәбетім жоқ, жүрегім айниды.
Д: - Ой, жігітім, бұл жарамайды. Асқазанмен ойнауға болмайды. Тамақты уақытында ішесіз бе?
А: - Мен әдетте сабақтан соң тамақтанамын. Асханада тамақ кейде ыстық, кейде суық болады.
Д: - Бұл, әрине, дұрыс емес. Қане, шешініңіз, бауырыңызды қарайын.
А: - Қазір, көйлегімді ғана шешемін бе ?
Д: - Иә. Меніңше, сіздің бауырыңыз үлкейген сияқты. Мына жеріңіз ауыра ма?
А: - Ой, бұл жер қатты ауырады. әсіресе, тамақтан соң ауырады.
Д: - Сізге жақсылап тексерілу керек. Алдымен анализдер тапсыру керек. Сонан соң мен сізге УЗИ-ге талон беремін. Ол жерде асқазан, бауырыңызды тексереді. Маған анализдер мен УЗИ-дің қорытындысын әкелесіз. Содан кейін сізді емдейміз. Ал қазірше мына дәрілерді іше тұрыңыз.
А: - Жақсы, онда мен қазір дәріханаға барамын, дәрілерді алайын. Ал ертең таңертең анализдерді тапсырып, УЗИ-ге барамын. Сізге рахмет, сау болыңыз.
Д: - Сау болыңыз.

Ситуативтік тапсырма

Сіз бір аптадан бері түнде нашар ұйықтайсыз. Тамаққа тәбетіңіз де нашар. Басыңыз айналады, деніңіздің қызуы 36-37 градус, ол түспейді. Сіз бүгін дәрігерге келдіңіз. Дәрігерге ауруыңыз туралы айтасыз. Ол кісімен әңгімелесесіз. Сіз дәрігерге осыны қысқаша қалай жеткізесіз ? Дәрігерге қандай сұрақтар қоясыз?

СӨЗДЕР

рұқсат - разрешение
жеру - испытывать
асқазан - желудок
бауыр - печень
тәбет - аппетит
үлкейген - стареющий
тексерілу - обследоваться
тапсыру - сдавать (экзамен, анализ)
тексеру - обследовать, проверить
қорытынды - результат

image Click to view

казахский

Previous post Next post
Up