Грамматика вся, полностью, перехожу к вузовской методичке из Темиртау, вроде бы школьный уровень пройден.
Текст оттуда:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған.
Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды.
1993 ж. 28 ақпанда тәуелсіз ҚР Конституциясы қабылданды. 1995 ж. 30 тамызда Конституция уақыт талабына сай қайта қаралып, оның жаңа нұсқасы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары",- деп жазылған.
Лексика по теме:
зайырлы мемлекет - светское государство
құқықтық мемлекет - правовое государство
дербес мемлекет - суверенное (дословно самостоятельное) государство
саяси - политический
саясат - политика
заң - закон
қабылданды - принят, одобрен
күллі - весь
аумақ - величина
бүкіл - весь мир
үкімет - правительство
билік - власть
ие - владелец.
ішкі - внутренний
сыртқы - внешний
анықтау - определять
жүзеге асыру - осуществлять
бостандық - свобода
тең - равный
деңгей - уровень
қарым-қатынас - взаимоотношение
Конституция бабы - статья Конституции
қазына - богатство, здесь в значении "ценность"
өмір - жизнь
Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл:
Click to view