Feb 05, 2008 18:24
Балалық өлді, білдің бе ?
Жігіттікке келдің бе ?
Жігіттік өтті, көрдің бе ?
Кәрілікке көндің бе ?
Кім біледі, сен, кәпір,
Баяндыдан сөндің бе ?
Баянсызға төндің бе?
Әлде, ант ұрған, кім білер,
Боталы туйе секілді,
Қорадан шықпай өлдің бе ?
1895 Ібраһім
стихи,
Қазақ ақындар
Leave a comment
Comments 2
Reply
Reply
Leave a comment