Казахский ученый, который учился в основном в Сибири (в Томске и Барнауле), исследовал всяческие руды Казахстана.
ҚАНЫШ СӘТБАЕВ
Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым және коғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, алғашқы академик.
Қ.Сәтбаев - 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Бұл еңбектер негізінен Қазақстан кен орындарының геологиясы мен минералды қорларын зерттеуге, пайдалы қазбаларды болжам карталарды құрастыру принциптерін айқындауға арналған.
Ұлы ғалым Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай ЮНЕСКО үйғарымымен 1999 жыл дүние жүзілік дәрежеде Сәтбаев жылы деп аталды.
СӘТБАЕВ ЖӘНЕ ЖЕЗҚАЗҒАН ЖЕРІ
Томск техникалық иниститутынан инженер-геолог мамандығын алған Қ.И.Сәтбаев еңбек жолын Жезқазған, Ұлытау өңірінен бастады.
Ол 1926 жылы геология бөлімін басқарды, ал 1929 жылы іскерлігін танытқан жас Қаныш Трест басшысы болды. Осыған дейін Жезқазған кенімен шұғылданған Геолкомның бітірген ісі аз ғана болатын. Олар ағылшындардың Жезқазғанның кені 12 жылға ғана жетеді дегендеріне сүйеніп, Сәтбаевтың зерттеулеріне кедергі тудырды. Ал ғалым 1927-1928 жылдары баспалардан құнды ғылыми зерттеулерін, Қарсақбай комбинатының, Жезқазған Атбасар, Қаратау полиметалл кендерін айқындайтын мақалаларын бастыра берді.
Сөйтіп, 1929 жылы бұл еңбектері бағаланып, Жезқазған геологиялық экспедициясын құрып, өзі басқарды. 1931 жылы экспедиция зерттеуінің нәтижесінде Жезқазған кенінің ұланғайыр екенін дәлелдейді. Үлкен еңбек майданындағы Сәтбаев сапарластары ғалым ішіне құдай қонған деп таңданады.
1934 жылы Сәтбаев Москвада Ғылым Академиясының сессиясында бірнеше баяндамалар жасап, ғалым ретінде аты әйгілі болады.
1938 жылы көп кедергіге қарсы тұра білген Сәтбаевтың қолы Жезқазған құрылысы туралы қаулыға жетеді. Сөйтіп, Жезқазған мыс кенінің коры бойынша дүние жүзінде алдыңғы қатарға шығады. Түсті металлургияның болашақ алыбы Жезқазған екендігі дәлелденеді. Сәтбаев 1940 жылы жетістіктері жайында Москваға баяндама жібереді. Соғыс жылдары болат қүюды күшейтіп, вольфрам, молибденнің жаңа кен оңірін ашады.
Сәтбаев 15 жыл ішінде кенді қайдан қалай іздеп табу әдістерін корсете алады. Ол өз ісінің жасампаздығын металлогениялық картасы арқылы дәлелдейді. 1941 жылы Сәтбаев Алматыға ғылыми қызметке ауысады. 1961 жылы Жезказғанда КазҒА-ның көшпелі сессиясы өтеді.
Сәтбаев, Жезқазған үшін, оның болашағы үшін, көптеген дүниелерді ашып береді. Осылайша тарихта Жезқазған кені мен Қаныш есімі бір-бірін толықтыратын үлкен ұғым болып қалды.
Слова:
көрнекті - выдающийся
қайраткер - деятель
коғам - общество
негіз - принцип
қазба кен - ископаемое
мерейтой - юбилей
дәреже - ранг, степень
шұғылдану - заниматься
жасампаздық - изобретательность
толықтыру - дополнить
Вопросы к тексту:
Мәтін бойынша ауызша сөйлесу.
а) Қ.И. Сәтбаев еңбек жолын қандай қызметтен бастады? ә) Ол қай жылы Трест басшысы болды?
б) Қ.И. Сәтбаевтың Жезқазған кенімен шұғылдануына неліктен кедергі көп болды?
в) Ғалымның еңбегіне таңданған сапарластары ол жайында не деді?
Негізгі ойға бағытгалған жұмыс.
а) Жезқазған геологиялық экспедициясы қай жылы құрылды, оны кім баскарды?
ә) Бұл экспедиция қандай жетістіктерге жетті?
б) Қай жылы Сәтбаев өзін ғалым ретінде дәлелдеді, нендей еңбектерімен?
в) Сәтбаев өз еңбектерінің нәтижесін қашан көрді ?
Тілдік материалды игерту жұмысы.
а) Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша жазыңыз.
ә) Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық топқа ажыра-тыңыздар.
Click to view