Казахский - 61. Экология Казахстана

Nov 21, 2013 11:27

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМ

Экология » гректің үй және ғылым деген екі сөзінен құралған. Экология ғылымы табиғат пен адам арасындағы байланысты зерттейді. Экология тек табиғат емес, ол қоғам, ол болашақ.
Адам ертеден-ақ табиғатқа, табиғи өмір сүру ортасына тәуелді еді. Бірақ өндіріс күшінің дамуымен адам осы тәуелділіктен біршама құтыла бастаған да сияқтанды. Мәселен, адам киім түрлерін жетілдірді, зәулім үйлер көтерді, су тасқынынан қорғайтын бөгеттер салды. Жердің қойнауындағы кенді игерді. Нәтижесінде, көп қалдықты технологияға негізделген адамның әрекеті табиғи қорлардың шектелуіне, айналадағы ортаның ластануына алып келді. Ауаның, судың, топырақтың ластануынан адамдардың денсаулығына, оның өмір сүру ортасына зор қауіп төне бастады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, табиғатты қорғаудың бүгінгі басты стратегиялық бағыты - өндіріске қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе оны мүлдем жояды.
1988-жылы Орталық Азия аймақтық экология орталығы құрылды /Орталық Азия АЭО/. Ол- Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан мемлекеттеріне ортақ халықаралық ұйым. 1999-жылы Орталық Азия мемлекеттері үкіметтерінің ұсынысымен бұл орталықтың штаб-пәтері Алматыда ашылды. Филиалдары әр елде ашылмақ. Бұл Орталыққа ҚР Үкіметі арнайы ғимарат, ал Еуропалық комиссия грант бөлді.
Орталық Азия АЭО-ның негізгі қызметі - қоршаған ортаны қорғауға байланысты іс-шараларды жүзеге асыру. Ұлттық және халықаралық тәжірибелерді пайдаланып, аймақтық және шекаралы жобаларды әзірлеу. Сол жобаларды мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың, кәсіпкерлер мен мүделі топтардың қатысуымен іске асыру. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты қабылданатын түрлі шешімдермен жұртты таныстыру, экологиялық деректер мен ақпараттар тарату. Бұған қоса, экологиялық мәселелерге арналған ғылыми тұрғыда дөңгелек үстел, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру.
2003-жылы Орталық екі жобаны қолға алды. Біріншісі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарында озық технологиялар мен ғылыми-техникалық жаңа әдістерді енгізу арқылы қалдықсыз таза өнім шығару технологиясы. Екіншісі, адамдарға экологиялық білім беріп, оқытуға арналған жоба. Осы мақсатта мектеп оқушыларына арналған экологиялық оқулық дайындалды.

Сөздік :

зерттейді - исследует
тек - только
қоғам - общество
табиғи - естественный
өмір сүру - жить жизнь
негізделген - обоснованный
нәтижесінде - в результате
озық - передовой, прогрессивный
қалдықсыз - безотходный (қоқыс - мусор, отходы)
енгізу - внедрить
таза өнім - чистый продукт
асыру - превысить

image Click to view

казахский

Previous post Next post
Up