Казахский - 52. Описание страны

Oct 25, 2013 17:03

Уже делал по википедии, но тут другой текст с другими словами:
ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы - 2724,9 мың. шаршы шақырым. Ол батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келген. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстанның Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария сияқты өзендері бар. Ең үлкен көлдері - Балқаш пен Зайсан, ал теңіздері - Арал мен Каспий.
Қазақстанның халқының саны - 16 миллионнан астам. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Елде жүз жиырмадан астам ұлттың өкілдері өмір сүреді. Қазақстанның елордасы - Астана қаласы.
Қазақстанның тарихы өте бай әрі қызықты. Оған дәлел-Қазақстанның Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық, Баласағұн, Йассы, Алматы сияқты басқа да көне кенттері мен шаһарлары, басқа да тарихи-мәдени ескерткіштері.
Қазақстанның табиғи ресурстары мол. Әсіресе, түсті металл, темір, уран, көмір, мыс, мұнай және газ қоры мол.
Қазақстанда өнеркәсіптің металлургия, металл өңдеу, отын-энергетикасы, химия салалары ауыл шаруашылығының егіншілік, мал шаруашылығы салалары дамыған. Қазақстан - ғылымы мен мәдениеті дамыған ел.

Слова

шаршы - квадрат
шақырым - километр
сияқты - подобный
астам - более
өкіл - представитель
басқа - кроме
кенттер - поселки
ескерткіш - памятник
мол - много
мыс - медь
көмір - уголь
егіншілік - хлебопашество
шаруашылық - хозяйство
дамыған - развитый

image Click to view

казахский

Previous post Next post
Up