Казахский - 51. Герб Казахстана

Oct 24, 2013 06:24

Уже было в одном из мультиков, теперь уже вузовского уровня текст.

ЕЛТАҢБА

Қазақстан Республикасының елтаңбасы шеңбер ішінде бейнеленген. Шеңбер тіршілік, шексіз өмір деген мағынаны білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі - шаңырақ. Шаңырақ - киіз үйдің төбесіндегі күмбез тәрізді бөлігі. Оған уықтар шаншылады. Елтаңбада бейнеленген уықтар күн сәулесіндей айналаға тарап түр.
Қазақ халқында "Отан отбасынан басталады" деген мақал бар. Демек, шаңырақ отбасы, үй деген ұғымды білдіреді. Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ - тұңғыш рет қолданылған бейне. Шаңырағы бар елтаңба бұрын тарихта болған емес.
Елтаңба композициясында - аймүйізді, алтын қанатты қос пырақ бар. Қос пырақтың қанаттары бір қарағанда, бауланған бидайға ұқсайды.
Қазақ - малсақ халық. Ат, жылқы, тұлпар - қазақ халқының тұрмысының негізі болған. Біле білсек, жылқы өз кезегінде адамзат өркениетінің дамуына ықпал еткен қой. Пырақтың мүйізі жеті буыннан тұрады. Жеті буың қазақтың "Жеті ата" ұғымын біддіреді. Жалпы қазақ халқы мүйізді ерекше қастерлейді.
Елтаңбада шаңырақ пен қос пырақтан басқа бес бұрышты жұддыз бейнеленген. Елдің аты алтын түсті әріппен жазылған.

Вопросы для пересказа:
1. ҚР-дың елтаңбасында нелер бейнеленген?
2. Шеңбер қандай мағынаны білдіреді?
3. Елтаңбадағы ең негізгі белгі деп нені атауға болады?
4. Геральдика тарихында алғаш рет қолданылған бейне қалай аталады?
5. Елтаңбада бұлардан басқа тағы нелер салынған?

Слова:

шеңбер - окружность
бейнелену - изображаться, характеризоваться чем-то
тіршілік - жизнь как процесс
шексіз - бесконечный
мағына - смысл
білдіреді - сообщал
негізгі - главный
белгі - свойство, примета
шаңырақ - купол юрты
төбе - крыша
бөлік - часть
уық - палки, на которых держится верхняя часть юрты
шаншылады - прокололи
айнала - вокруг
тарап - сторона
отбасы - семья
мақал - пословица
ұғымды - понятный
тұңғыш - первенец
аймүйізді - не совсем понял, ай- луна, мүйіз - рог, что это все вместе, неясно
қанатты - крылатый
қос пырақ - двойной сказочный конь
бауланған - связанные в снопы
ұқсайды - походят
малсақ - скотолюбивый
тұлпар - боевой конь
тұрмыс - быт
буың - пар
жалпы - общий, в общем
ерекше - особенно

image Click to view

казахский

Previous post Next post
Up