Казахский - 50. Флаг Казахстана

Oct 20, 2013 06:50

Текст:
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ
1996 ж. 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары (рәміздері) туралы Президенттің Конституциялық Заң күші бар Жарлығы күшіне енді. Осы заңға сәйкес Қазақстаң Республикасының мемлекеттік нышандары: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны болып табылады. Заңда Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан аумағында жүрген адамдар ҚР мемлекеттік туын, елтаңбасын, әнұранын құрметтеуге міндетті деп көрсетілген. Сонымен қатар занда мемлекеттік рәміздерді қорлағандардың ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылатындығы да айтылған.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының түсі - ашық аспан түстес зеңгір көк. Түрлі рәміздерде қолданылатын түстердің өзіндік мән-мағынасы болатыны белгілі. Осы тұрғыда алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кестеге (ХVІІ ғ.) жүгінетін болсақ, көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі екен. Қазақстанның туы - бірыңғай көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Туда бейнеленген шуақты күн - байлық пен берекенің, қыран - еркіндіктің белгісі. Ал, туда салынған ұлттық ою-өрнек қазақ халқының өнерін, көркемдік танымын білдіреді.
-Мемлекеттік ту мемлекеттік мекемелерде, шетелдегі елшіліктерде, консулдықтарда, әскери теңіз кемелерінде, әуе кемелерінде және т.б. жерлерде тігіледі немесе орнатылады.
Мемлекеттік тудың барлық белгілері салынған жалаушалар келіссөз үстелдеріне қойылады. Ресми қонақтарды қарсы алғанда, оларды шығарып салғанда машиналарға қадалады.

Слова:

ту - флаг
елтаңба - герб
әнұран - гимн

нышан - знак
рәміз - символ
жарлық - указ
күшіне енді - вступил в силу
сәйкес - соответствующий
құрметтеу - уважать
міндетті - обязаны
көрсетілген - показывающие
сонымен қатар - наряду с этим
тартылу - привлекаться (здесь к ответственности, жауапқа)
қолданылатын - употребляемые
мән-мағынасы - очень значимые
алғашқы - первоначальный
бірыңғай - однородный
тұтастық - общность
қыран - ловкий
еркіндік - воля
ою-өрнек - резьба
шетел - заграница
елшілік - посольство
әуе кемелерінде - на воздушных кораблях

Мемлекеттік рәміздер күні:

image Click to view

казахский

Previous post Next post
Up