Apr 09, 2017 00:39
Ұлт зиялыларына үндеу
Ұлтшылдық - өз халқыңның ұлттық құндылықтарына деген махаббат. Ұлтшылдық - ол өз халқыңның рухына және ұлттық ерекшелігіне деген махаббат. Өзің мен халық арасында рух бірлігін орнату қажет. Рухани мәдениетті құрғандар - менің көсемдерім мен жетістіктерімнің мәні. Ұлтшылдық - ол ұлттың басқа халықтар арасында жоғалып кетуінен және басқа халықтардың жаулап алуынан сақтап тұратын иммунитеті. Ұлтшылдық - халықты оның тарихи мақсатын орындауға тәрбиелейттін идея. Ұлтжандылық - ол ұлттық құндылықтар жеке және топтық мүддеден жоғары тұрғандағы ұлттың адалдығы.
Ардақты ағайын!
Ту - қазақ халқы үшін ежелден мемлекеттіліктің негізгі нышандарының бірі саналады. Ту - жүздеген жылдар бойы бабаларымыз үшін абыройдың нышаны және ерекше мәртебеге ие.
Бүгінде, ХХІ ғасырдың басында, халқымыздың өткен өмірінің тарихына үңілсек, туған өлкесін қорғау үшін бабаларымыздың ту астына жиналып, талай құрбандыққа барғандарын көреміз.
Бақытқа орай, жүздеген жылдардан соң, тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқы тәуелсіздік пен егемендіктің нышаны саналатын ұлттық туына қайта ие болды. Жаңа әлемде әр тәуелсіз және егемен мемлекет туы арқылы танылады. Осыған байланысты, туды құрметтеу мен ұлықтау -ежелгі тарихи, мәдени және рухани ұлттық құндылықтарға деген құрмет, байрақ Қазақ жерімен, Қазақ тілімен, Елтаңба және Ұлттық әнұранмен бірге ең асыл ұлттық және мемлекеттік нышанымыз.
Соны ескере отырып, халықты, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастарды өзіндік таным мен отаншылдыққа тәрбиелеу үшін, тудың жасампаз және ықпалды рөліне деген құрметпен ел астанасының ең көрікті жерлерінің бірінде үлкен тутұғыр орнатылды.
Ту мен Елтаңба орнатылған жерге келген әр адам осы екі нышан ежелгі халқымыздың бақытын, табысын, ынтымағын, бірлігін, абыройын, отаншылдығы мен ұлттық менталитетін, қазақтардың игі мақсаттары мен мүдделерін осы нышын түстері іске асырып тұрғандығын керемет сезінеді.
Байрағымыз - игіліктің, тыныш өмірдің, мәңгілік ұлттық бірліктің және Қазақстан халқының бақытты болашаққа деген үмітінің белгісі.
Осыған байланысты, Ұлттық туға деген махаббат пен құрмет әр адал адамның жүрегінде болуға және оны мемлекеттіліктің, ұлттық тәуелсіздікті нығайтудың, ел жетістіктерін қорғаудың абыройлы жолына бағыттауға тиіс. Яғни, қазақ мемлекетінің тәуелсіздік нышаны ретінде Ұлттық байраққа деген құрмет қоғамның әр мүшесі үшін тарихи миссия, перзенттік және азаматтық парыз болуы қажет.
Алдағы уақытта да, әрбір адал және отаншыл адамның өзінің Ұлттық туын мақтан ететініне, оны мемлекеттің, мемлекеттіліктің, Отан тәуелсіздігі мен бостаныдығының нышаны ретінде құрметтейтініне, оның маңыздылығын, рөлін және мәнін бүгінгі және келер ұрпаққа үйрететініне нық сенімдемін.
Қазақ халқы бүгінде өркениетті қоғам құру жолында бірлік пен ынтымақтастық байрағымен нық қадамдап келеді, еркіндіксүйгіш ұлттың арман-мүддесінің айнасы болған Мемлекеттік туды басқа да ұлттық асылдар сияқты мәңгілік қастерлейтін болады.
Қазақтардың жеңісі, тілегі, ұлттың әрбір лайықты перзентінің үміт сәулесі мен ар-намыс жалыны - қазақ халқының байрағы мәңгілік қалықтайды!
Отан тәуелсіздігінің ел абыройы мен жандануының негізі екені, оның әр адам жанындағы біз құрметтейтін мәдениет пен ұлы бабалар естелігіне деген құрмет сезімін ұлғайтқаны еш күмәнсіз. Тәуелсіздік тұлға еркіндігі мен адам өмірі мәнінің негізі ретінде әр уақытта болмысымыз бен ұлттық менталитетіміздің ең негізгі бөлігі болып қалады. Тәуелсіздік арманы әрқашан отаншылдарды, күрескерлерді, әсіресе зиялыларды ұлтық менталитетті қорғауға, ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз етуге, Отан тәуелсіздігін қорғауға бағыттады.
Тәуелсіздік өзімен бірге мүмкіндік, қабілет және жауапкершілік алып келді. Тәуелсіздік бізге санғасырлық арманымызды өз қолымызбен шынайыға айналдыру мүмкіндігін әкелді. Тәуелсіздік бізге үлкен жетістіктерге жету және оны мақтан тұту құқығын берді. Бірақ ең алдымен, тәуелсіздік барлығымызға шынайыға айналған санғасырлық арманымыздың жауапкершілігін иығымызға артты. Бұл салмақты көтерім жүру, шынымен - үлкен абырой, және барлығымыз халықтың бақытты ұрпағымыз, біздің ұрпақтарымыз да солай болады, тәуелсіз Атамекенін нығайтатын болады. Қазақ мемлекеттілігінің алдағы онжылдықтарының одан әрі жемісті болатынынына сенемін. Олар барлығымыздың жұмысымыздың, бар қазақ халқының біріккен талпыныстарының арқасында жемісті болады.
Тәуелсіздік ұлттық мәдениетімізді жандандырды және ежелгі ұлтымыздың мәні мен әлеуетін көрсетеді. Бүгінде адамзат қазақ халқының ежелгі және бай мәдениетімен терең танысуда, уақыт өте келе ол мәдениет жақсы ой-пікірлердің іске асуына, жоғары жалпыадами құндылықтардың баюына әсер ететін болады. Тәуелсіздіктің жиырма бес жылында жас демократиялық және құқықтық мемлекетті құрушылар өздерін өз мәдениеттерінің аясында шектеп қоймады, мәдениеттің қарсы қойылу талпыныстарын кінәраттады және өркениеттің пайдалы диалогын қолдады.
Өз тарихы мен мәдениетін білу ұлттық абыройды жаңа заманға бейімдеп қана қоймай, өркениетпен, өзге халықтармен байланысты нығайтуға нақты негіз қалайды.
Қоғам өмірін демократияландыру үрдісі дәуір талабы саналады және әр тұлға мен мәдениеттің адамгершілік әлеуетін тиімді қолдануға ықпал жасайды. Сондықтан, Қазақстанда негізі құқық пен тұлға бостандығы саналатын демократиялық қоғам құру үрдісінде мемлекеттің ұлттық ерекшеліктері де ескерілуге тиіс.
Елде қабылданған заңдардың тәжірибе жүзінде мәні болса ғана, тұлға бостандығы қамтамасыз етілетіні сөзсіз. Сондықтан, тек құқықтық мемлекет қана еркіндіктің барлық түрлеріне негіз болады.
Біздің қол жеткізген мемлекетіміз бен ұлттық мемлекеттік жүйеге баса назар аудару басқа ұлттардың құқықтарын шектеп қою дегенді білдірмейді. Өйткені, ұлттық мемлекет біз үшін ұлттық мәдениет пен тілді, мемлекет бірлігі мен тұтастығын, ынтымақтастық пен түсіністікті қорғаудың, Қазақстанның әр азаматының мемлекетті қорғауын қамтамасыз етуінің құралы болып табылады.
Демократиялық және құқықтық мемлекеттің саяси білімді,әділдікті қорғауға қабілетті, заң жоғарылығын қадағалауға және азаматтық қоғам құруға дайын азаматтарға ғана арқа сүйейтінін өзге елдер тәжірибесі көрсетті. Дәл сол үшін егемен қазақ мемлекеті шынайы демократиялық нормаларды азаматтық қоғам дамуының факторы ретінде негізге алып, азаматтық қоғам құруға жағдайлар жасауға және осы жолда нық қадамдауға тиісті. Қазақстан Үкіметінің ең негізгі мақсаттарының бірі - нағыз ұлттық бірлікті ұлттық мемлекеттің нық іргетасына дейін жеткізу болуы қажет.
Біздің бүгін өз еліміздің бар екені, жаңа мемлекеттің негізін қалап жатқанымыз, өз мемлекеттілігіміздің жауапкершілігін қолға алуымыз қуанышты.
Бүгін қазақ халқы өз болашағын саяси еркіндікпен анықтайды. Бұл үрдіс нық экономикалық даму мен мемлекеттіліктің ұлттық жүйесі арқылы құқықтық және демократиялық қоғам құру мақсатымен халықты біріктіруді талап етті.
Ұлттық мемлекет құру мен демократиялық және құқықтық қоғам құру үрдісі мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдағаннан кейін жаңа мәнге ие болды.
Партиялар және түрлі саяси топтар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар барлық азаматтар елдің дамуы мен егемендікті қорғау және мемлекет шекарасының тұтастығы үшін жалпыұлттық құндылықтардың партиялық, топтық және тұлғалық құндылықтардан жоғарылығын түсінулері керек.
Соған байланысты, біз мәдениеттің ұлы өкілдерінің шығармашылықтарына, ғылымға және қазақ әдебиетіне ұлттық танымды дамыту мен ұлттық абыройды жоғарылату мақсатында назар аударуымыз қажет.
Бүгінде біз қазақ ұлттық мемлекетінің кемелдену кезеңіндеміз. Осы тағдыршешті кезеңде қазақ халқының ұлы өкілдерінің шығармашылығы мен оның әлемге әйгілі мәдениеті ұлттық идея мен таным қалыптастыру үрдісін жеделдетуде, азаматтық қоға мен тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін нығайтуда үлкен күш болып табылады.
Ұлттың ұлы өкілдерінің идеялары әр уақытта, әсіресе, еркіндік пен тәуелсіздік идеясын қалыптастыру кезеңінде, қоғамның кең шеңберін қамтып, өзіндік танымның мәні білдірді.
Олардың басты мақсаты тарихи және мәдени құндылықтарды қайта жандандыру, бабаларымыздың мемлекеттілік мәдениетінің ұлылығы, әділ жүйе құру болды. Осы
идеялардың барлығы біртіндеп ықпалды идеялы, әлеуметтік, мәдени және рухани күштерге айналды.
Бар әлемде біздің халқымызды бай шығармашылық мұрасы, жоғары мәдениеті бар, бейбіт және өркениетті адамдар ретінда таниды.
Зиялы қауымымыздың өткендегі, бүгінгі және келешектегі тарихи миссиясы бабалар өсиетімен, мәдениетті құрметтеумен, тамаша қазақи ұлттық дәстүрлері насихаттаумен, мемлекеттік тіл және мемлекет тәуелсіздігінің идеясын уағыздаумен, азаматтарды отаншылдыққа тәрбиелеумен, демократия және адамгершілік, еңбек және даму, білім және мәдениет уағызымен, отанға және қазақ халқына деген шексіз махабатты уағыздаумен байланысты. Қазақтың әр жаңа ұрпағында еркіндіксүйгіштік және отаншылдық сезімін ең алдымен зиялылар, өнер қайраткерлері мен ғалымдар жалындатуға тиісті.
Өйткені ғылым мен мәдениет ұлттық рухты, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды, тарихи естелікті, әр халық пен ұлттың болмысын бейнелей отырып, адамдарды достықа және серіктестікке жақындататын, жалпы бірліктің бейнелеушісі саналатын жол.
Сондықтан мәдени саясатымыздың басты бағыттарының бірі қазақ халқының лайықты перзенттерінің шығармашылық және ғылыми мұраларын оқу мен құрметтеу, қоғам мүддесінде жалпы адами құндылықтардың жандануы мен қолданылуы болып табылады.
Келер ұрпағына құндылықтар жүйесін аманат ете алмайтын халық басқа халыққа айналып кетіп, ұлты жоқ өңсіз бейнеге айналады.
Мемлекеттік тәуелсіздіктің жиырма бес жылдық тәжірибесі әр халық пен мемлекет үшін тәуелсіздікке жетудің өте ауыр үрдіс екеніне, оны қорғаудың да оңай емес екеніне куә. Тәуелсіздік пен ұлттық бірлікке жету жолы оңай көрінгенімен, өмір көрсеткендей, тәуелсіздік пен ұлттық бірлікті қорғау ел тұрғындарынан, әсіресе зиялылардан күресті, талпынысты, жоғары мәдениет пен мінсіз саяси мәдениетті талап етеді.
Қазақ қоғамының ары қарайғы дамуының тарихи қажеттілігі зиялылар жұмысын мемлекетті дамыту мақсатында азаматтарды мәдени және рухани тәрбиелеуге, саяси деңгейді жоғарылатуға бағыттайды.
Әлемдік қауымдастықтың өмірлік реалиясы мен бүгінгі өмірі көрсеткендей, егер азаматтар қажетті білгірлік, танымның жоғарылығын көрсетсе, олардың арасында ұлттық бірлік пен ынтымақтастық қамтамасыз етіледі. Сондықтан, ел зиялылары бар күштері мен мүмкіндіктерін білім деңгейінің жоғарылауына, халықтың біліктілігіне, қоғамның саяси мәдениет деңгейін көтеруге, ел халқының бірлігіне, қоғам өмірін жақсартуға және туған Қазақстанын дамытуға арнауға тиісті.
Халқымыз тек орнықты ұлттық бірлік жарығында ғана демократиялық, құқықтық, дамыған, зайырлы мемлекет құра алады, сонымен қатар жалпы адамдық өркениеттің дамуына үлесін қоса алады.
Бүгін, мемлекет тәуелсіздігінің саяси кезеңінде ежелгі халқымыз осы маңызды мәдени және әлеуметтік құбылысқа терең құрмет көрсетеді, яғни ұлттық бірлікті нығайтуға үлкен үлесін тигізуде. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына осы көзқарасты алсақ көретініміз, олар негізінде орнықты ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталу керек. Ол үшін қазақ халқының ұлттық танымы мен менталитетін, Қазақстан тұрғындарының бірлігін қамтамасыз етуді ел дамуының факторы ретінде жаңа деңгейге көтеру қажет.
Бірлік бар жерде тірлік бар дейді дана қазақ. Сондықтан ағайын бір болайық, ел болайық, елімізді жаңа жетістіктерге жеткізейік. Индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асырайық, ал ол үшін мен мемлекетімізді басқаруым керек.
Біздің көк туымыз бен елтаңбамыз еліміздің ұлылығының, жеріміздің сұлулығының, қазақтың ұлттық мінезінің жарқын бейнесі. Осы мемлекеттік рәміздермен біз ең негізгі мақсатымызға бара жатырмыз, ол еркін, дамыған, мықты Қазақстанды құру. Нағыз қазақ патриоты үшін елтаңба мен көк туымыз ең қасиетті нәрселер. Кок туымыз бен елтаңбамызға қарағанда, әрбір қазақ азаматы өз өзін үлкен бір отбасының, қазақ халқының бір ажырамас бөлшегі екенін айқын сезінеді. Көк байрағымызды және елтаңбамызды құрметтеу бұл әрбір қазақ азаматының қасиетті борышы және ардың ісі.
Рахмет.
Досымқұлов Рүстем Мүсілімәліұлы
Астана, 2017 ж