Mar 25, 2017 18:52
Қымбатты достар!
Бүгін біз сіздермен кітап жайында сөз қозғамақпыз, баршамызға аян -кітап білімнің қайнар көзі, бірақ өкінішке орай соңғы кездері біздер, әсіресе жастар, кітаптың бетіне жиі үңіле бермейтін болдық. Істің дәл осылай насырға шабуы бізге жарамайды, сол үшін де бұл салаға бірнеше қызметтік шаралар қолдану қажет, дегенмен әдеттегідей мен сіздермен өзімнің көкейде жатқан ойларыммен бөліссем деп едім.
Қымбатты отандастар!
Қазақстан - менің туған жерім, жүрегіме ең жақын ел. Мұнда менің өз үйім - өлең төсегім бар. Бұл жерде ата-бабамның ізі жатыр. Балаларым туылып, өсіп-өнуде. Бұл елде мен толыққанды адам ретінде қалыптастым. Менің барлық ұмтылыстарым мен мақсаттарым әрқашан Қазақстанмен байланысты болады. Сен үшін Қазақстан, осы сөздер біздің ұранымыз болу керек деп білемін.
Біздің осы уақытқа дейін қол жеткізген оң нәтижелерімізді уысымыздан шығарып алуға құқығымыз жоқ. Керісінше, біз оларды еселеуіміз керек.
Алдағы жылдары атқаруға тиісті істеріміз келесідей:
Республиканың мемлекеттік егемендігі мен еліміздің қорғанысқа қабілеттігін нығайту.
Республиканың жанжақты дамуы негізі ретіндегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру бойынша ауқымды жұмыстары одан әрі жалғастыру.
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсендігін арттыру, ТКШ салалары, жергілікті өндіріс, индустрия, агроөнеркәсіптік кешеннің сатылы дамуына ықпал ететін, мемлекеттік реттеудің тиімді механизмдерін құру.
Азаматтарды қолжетімді және сапалы тұрғынүймен қамту болып табылатын, әлеуметтік саясаттағы басты артықшылығымызды жүзеге асыру.
Әлеуметтік сала мен экономиканың одан әрі модернизациялау мақсаттарында заманауи инновациялық технологияларды ендіру.
Шаруашылық субъектілері, жергілікті атқарушы органдар, ведомствалар, министрліктер деңгейіндегі жетекшілердің жауапкершілігі мен атқарушы тәртібі, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру.
Жемқорлық салдарын таратуға ықпал ететін, билік институттары жұмысындағы кемшіліктерді жою.
Толықанды білім беріп қана қоймай, ол білімдерді тәжірибелі қолдану машықтарын енгізіп, жоғары және кәсіптік білім сапасын жетілдірудің, жас мамандарды жұмыспен қамтудың, республикадағы кадрлық резервтерді даярлаудың көпсатылы жүйесінің пайда болуына ықпал ету.
Денсаулық сақтаудың кешенді модернизациясы жолымен медициналық көмектің қолжетімдігі мен сапасы жөнінде ойлану, тұрғындарды дене тәрбиесі мен спорт, салауатты өмір салтына белсенді тарту.
Мемлекеттік тілдің дәрежесін арттыру бойынша ойластырылған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Қоғамның мәдени және рухани потенциалын еселеу. Жалғасын тапқан жаһандану жағдайларында, қазақтың төл мәдениеті мен қазақ халқының дәстүрлік құндылықтарын сақтау.
Кез-келген саладағы нақты жетістіктер негізіндегі Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру барысындағы республиканың барлық тұрғындарының күштерін біріктіру.
Қылмыстың, нашақорлық пен маскүнемдіктің тамырын жою. Республика тұрғындарының, әсіресе жастардың саналы бастамаларын толықтай қолдану.
Қымбатты достар!
Бұл жұмыста біз республика билігінің барлық сатыларымен және деңгейлерімен, барлық саяси партиялармен, кәсіподақтық ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысуымыз қажет. Азаматтық қоғам институттарымен бірге өзіміздің бірлескен белсенді әрекеттерімізден, көбінде біздің қылмысты алдын алу бойынша жұмыс нәтижелерімізден, азаматтардың құқықтық мәдениетінің тәрбиесі бойынша жұмысына тәуелді боламыз.
Біз одан әрмен де, кемшіліктеріміз бен қателіктерімізді айқын көруге мүмкіндік беретін, тұрғындар алдындағы атқарушы билік органдарының дәстүрлі есептерін өткізіп отырамыз.
Құрметті отандастар!
Республика жетекшілігінің басты мақсаты - тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейін арттыру болып табылады.
Ол үшін біздерде мүмкіндігі мол бай табиғи ресурстары, тұрақты әлеуметтік және демографиялық жағдай, жас экономикалық белсенді еңбек ресурстары бар.
Республикада белең алушы түрленулер қарқыны біздерден жинақылық пен келісімдікті талап етеді. Біздің баршамыз - әрбір жетекші, әрбір жеке алынған республика тұрғыны - ортақ үйімізде болатын кез-келген мәселеге жауапты!
Сәт сапар қымбатты отандастар!
Ал енді кітап жайында сөзімізді жалғастырайық. Мен үшін кітап ол - білімге ғана емес, руханиятқа, дәстүрге, құндылықтар мен сана-сезімге құштарлық. Және жалпы қазақи имидж дегеніміз - қолында кітабы бар адам. Егер біз кітаптан бас тартып, оны ұмытар болсақ, онда, - халқымызда зардап шегеді. Басты міндет - барлық ұлттың, ең алдымен, жас буынның әдебиетке махаббатын ояту, мәңгілік құндылықтары мен өмір жөнінде ойлауларына жол беру… Жас адамның Абай, Есенберлин немесе Әуезовтың қандай тіл құралында - қағазда немесе компьютерде оқылатыны маңызды емес. Ең бастысы, кез-келген түрдегі тірі сөз адам санасына, әсіресе жастарға, көкейлеріне жеткені болғаны. Маңыздысы - олар мұның барлығын оқыса.
Біз жаңа технологиялар ғасырында өмір сүрудеміз. Теледидар, радио, Интернет - бұл бұқаралық ақпарат құралдары заманауи адамның ажырамас бөлігі болып қалды. Және, ағыны күшті арнаның ішінде кітапқа орын қалмаған сыңайлы. Ол өзінің ғасырын өтеп, жасарын жасағаны ма? Жоқ! Кітап оқу әлі де болсын өзекті әдет. Кітап әлі де тірі, және өте ұзақ өмір сүретін болады.
Бүгінде кітап дүкендері мен кітапханалары біздерге сантүрлі тақырыптар мен жас ерекшеліктерімізге қарай баспаның орасан көлемін ұсынады. Олардың әрбірі әлбете өз оқырманын іздеп табады!
Кітаптың адамға әсері өте үлкен. Ол үйренуге көмектеседі, дүние танымды кеңейтеді, жанды емдейді, өмірлік тәжірибені байытады, таңдау еркімізді тәрбиелейді, көзқарастарымыз бен мінездерімізді қалыптасырады. Оның ғажайып күші осында.
Біз кітапты бағалаудан бұрын, оған қатты бауыр басып қалған сияқтымыз. Байқап қарасақ, кітаптың біздерді өзге әлемге, болашақ пен өткенге жетелейтіні, қуаныш пен өкініш, өкпе мен үмітті тудыратыны, күлдіріп, жылататыны ғажап емес пе?
Бірақ кітап - ол жай ғана мәтін емес (компьютерде секілді), оның мұқабасы, безендірілуі, өрнектелуі, өзіне тән иісі болады. Осының бәрі - біртұтас, адам санасының өнімі.
Кітап - компьютер мен теледидарға қарағанда ақпараттың сарқылмас қайнар көзі.
Ал енді өмірімізде кітап жойылған уақытты бір минутқа елестетіп көрейікші. Сол кезде не болмақ? Баспалық сөз жойылса не болады екен? Адамның дәуірлер бойы қол жеткізген жетістігі ше? Шекспирдің өлмес пьесаларын да, заманауи әдебиетті де оқыған ыңғайлы әрі жарасымды еді ғой, қолға кітап алып, парақтарын аша отырып, әр сәттен әсер алып, әрбір сөзді «сіңірген» ғанибет еді ғой. Жоқ, жоқ дегенде, алдағы келешекте адамзат кітаптан бас тарта қоймас.
Сонымен, кітап биыл ғана емес, алдағы барлық өмірімізде де сенімді әрі адал досымыз болып қалсыншы.
Адамзаттың дамуындағы, әрбір заманауи адамның өміріндегі кітаптың рөлін түсіруге болмайды. Олсыз біздің қоғамымыздың мәдениеті те, білімі де тұл болар еді. Дәл осы кітап адамзаттың ақылы сіңген қай салада болмасын дәуірлермен жинақталған дүниені бойында сақтаған. Ақпараттық технологиялар ғасырында да кітап әлі де болсын ақпараттың негізгі көзі болып қалуда.
Қазақстанның жас азаматтарының қалыптасуы процесстерінде, кітапқа бірден бір басты рөлдің орны берілген. Дәл сондықтан болар, кітап пен оны оқу ісі, білімді игерудің маңызды тәсілі, ұлттық жазба мен мәдениеттің ядросы бола отырып, жазба ақпарат дереккөздері жаңа аудиовизуалдық көрнекіліктермен толықтырылса да, заманауи әлем мәдениетіндегі үлкен дәрежеде тиімді позициясын сақтап қалуы қажет.
Кітап оқитын ел ғана, демократиялық ел ретінде дамуға қауқарлы және әлемдік қоғамдастықтағы лайықты орындарға таласа алады. Міне, мемлекеттің қазақ кітап баспасын қолдап жүретіндігі сол үшін де.
Сонымен қатар, бізге ұлттық әдебиетімізді әйгілеген орынды. Қазақ әдебиеті классиктерінің туындылары Отанымызды ұлылап қана қоймай, ел тұрғындарының өмірлері мен саналарына әлі күнге дейін мол әсер етуде.
Біздің елімізде кітапқа, мәдени және рухани мұраның сақталуына өте көп назар аударылуда. Ағарту, мәдени дәстүрдің танылуын дамыту, заманауи қоғамдағы кітап пен оны оқудың рөлін арттыру, жас буынның көркем сөзге сезімін арттыру, сондай-ақ отандық әдебиетті дамыту, ұлттық кітап баспасын мемлекеттік қолдаумен қамту мақсаттарында, алдағы 2018 Тіл жылы ал келесі 2019 жылды Кітап Жылы ретінде жариялаған ұтымды болар еді. Өйткені тіл мен кітәп халқымызды үлкен жетістіктерге жеткізетін құралдар.