Қымбатты отандастар бүгін мен сіздермен ғылым туралы әңгіме қозғағалы отырмын. Өздеріңіз білетіндей 21 ғасырда, яғни ғылыми-техникалық прогресті жеделдету ғасырында отандық ғылым мен инновациялар көмегінсіз табысты даму мүмкін емес. Менің ойымша, ең алдымен бізге Қазақ ғылым академиясын үкіметке есеп беруші мемлекеттік органның мәртебесінде жаңғыртып, Қазақстанның ұлттық ғылым академиясы туралы арнайы заң қабылдау керек. Айта кету керек, өткен дәуірден бізге мықты ғылым академиясы мұра болып қалды және өте жоғары деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізілді, осы барлық қолда бар асыл мұрамызды жоғалтып алуға біздің құқымыз жоқ.
Қазақстан ғылым Академиясы барлық ғылыми зерттеу субъектілері орындайтын іргелі және қолданбалы тиіс ұйымдастыруды және үйлестіруді ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуы мен үйлестірілуін қамтамасыз етуі, адам, қоғам, табиғат және жасанды заттар туралы жаңа білімдер алу, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, интеллектуалды және рухани әлеуетін арттыру мақсатында жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдардың маңызды бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
Ұлттық ғылым академиясы мемлекеттік ғылыми сараптаманың жүргізілуін ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыруы, бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуі, бейбіт мақсаттарда ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану саласындағы ұйымның қызметін мемлекеттік реттеуі және үйлестіруі, ақпараттандыруды дамытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның бас ұйымы ретінде өкілдік етуі, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ғылым саласындағы республикалық органының жекелеген функцияларын орындауы тиіс.
Оның үстіне, менің ойымша, бұрынғы ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми атақтарын қалпына келтірген жөн. Қазақстанның ҰҒА, менің ойымша, ел экономикасына ауқымды интеграцияланған және ғылыми зерттеулерден бастап өндіру және экспортқа шығаруға дейінгі жұмыстардың толық циклін орындайтын ғылыми-өндірістік корпорациясы моделі бойынша дамуы тиіс, яғни ұлттық академияға тәжірибелі және эксперименталды зауыттарда өнім өндіруге және оны елде және шетелде жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек.
Қазақстан Республикасында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қаржыландыру заңнамамен белгіленген бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс, және ең бастысы әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік бағдарламаларды (мемлекеттік ғылыми зерттеулер бағдарламалары, мемлекеттік ғылыми - техникалық және басқа да конкурстық іріктеу қорытындылары, сондай-ақ жекелеген ғалымдар зерттеулерінің қаржылық қолдау көрсетуі арқылы орындалатын бағдарламалар) қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, ғылымды қаржыландыру үшін белсенді түрде қаржыландырудың қосымша көздерін тарту керек: инновациялық қорлардың қаражаттарын, ұлттық ғылым академиясы қызметінің пайдасын, кәсіпорындардың өз қаражаттарын, банк кредиттерін, еншілес компаниялар мен қорлардың қаражаттарын. Яғни, менің ойымша, ұлттық ғылым академиясының ғылыми бағдарламалары мемлекет тарапынан қаржыландырылуы тиіс, бұл ретте бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары жұмылдырылуы керек, ал жекелеген ғалымдар мен ғылыми институттар келісім-шартқа сәйкес ұлттық ғылым академиясынан қаржы алуы тиіс. Мемлекет ұлттық ғылым академиясы алдында ғылыми-техникалық қызметінің басымдықтарын алға қойып, оларды тиісінше қаржыландыруы тиіс: 1. Энергетика және энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздері. 2. Агроөнеркәсіп технология және өндіріс: ауыл шаруашылығы техникалары, машиналар мен жабдықтар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, топырақтану және агрохимия, өсімдік өсірудегі жаңа жоғары өнімді сорттар және жануарлардың жаңа жоғары тұқымдары. 3. Мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, геологиялық барлау, байыту және сирек кездесетін металдар өндірісі (Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты) 4. Робототехника және IT-технология (Радиоэлектроинка институты, Қазақ ұлттық техникалық университеті) 5. Медицина, фармация, медициналық техника. ("Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдинг) 5. Химиялық технология, мұнай химиясы 6. Био- және наноиндустрия: ауыл шаруашылығы өндірісіндегі және тамақ өнеркәсібіндегі нанотехнологиялар, биотехнологиялар, (Ұлттық биотехнология орталығы).
Атап өткенімдей, бізге Қазақстанда әрбір облыс орталығында дарынды балаларға арналған физика-математикалық мектеп ашу керек, бұл кадрларды даярлау үшін инновациялық даму, себебі біздің стратегиялық мақсатымыз білім экономикасын, инновациялық экономиканы құру болып табылады. Мысалы, Алматыда Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернаты жұмыс істейді, міне, осындай мектептерді елдің барлық түпкірінен ашу керек. Инновациялар саласына инвестициялар тарту үшін менің ойымша венчурлық қорлар құру қажет, соның ішінде шетелдік серіктестермен. Мен инновацияларды енгізуді ынталандыру үшін елімізде тепе-тең негізде салынатын 100 млн. доллар капиталымен ресей-қазақстан венчурлік қорын құруды ұсынамын.
Шетелдік әріптестермен бірлескен қорлардан бөлек, менің ойымша, мемлекеттік венчурлық қор жасауға болады, мәселен отандық бизнесмендермен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде, ол инновациялық әзірлемелерді әзірлеуге және енгізуге қаражаттарды инвестициялайтын болады. Венчурлық қорын Ғылымдар мен технологиялар жөніндегі Мемлекеттік комитет басқара алады.
Сонымен қатар, біз ғылым мен білімге шығындарды ұлғайтпай инновациялық экономика құра алмайтынымызды түсінуіміз керек. Айтып өткенімдей дағдарысқа қарсы бағдарламада отандық ғалымдар зерттеулерін қаржыландыруды есеге арттыру қажет. Бұл салымдар біздің еліміздің болашағы болып табылады.
Ғалымдар мен жаңашылдарды жаңа өнімдер әзірлеуге ынталандыру үшін мен жас ғалымдарға арналған 100 стипендия бекітуді ұсынамын, сондай-ақ ғалымдарға, өнертапқыштарға инновациялық әзірлемелерін енгізу үшін 100 грант бөлу қажет деп санаймын, мысалы бастапқыда жыл сайын тұрақты негізде талантты инноваторларға 100 грант бөлуге болады.
Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық ғылым академиясында ғылыми-тәжірибелік орталықтар және тәжірибелі өндіріс жұмыс істеуі тиіс, олардың міндеті техника, механизмдер мен материалдар, озық технологиялар, өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және басқа да ғылымды көп қажет ететін өнімдердің бәсекеге қабілетті үлгілерін құру болып табылуы керек.
Республиканың ғылыми және инновациялық әлеуетін күшейту үшін ғылым саласында ынтымақтастықты тереңдету орынды болып табылады, мысалы, Еуразэқ-қа мүше мемлекеттермен ғылыми тұрғыдан өзара іс-қимылды күшейтуге болады, ынтымақтастықты қай тұрғыда күшейту керек? ал, мысалы, серіктес - елдерде ғылыми жабдықтар пайдалана отырып бірлескен зерттеулер жүргізу, кей елдерде протондарды жылдамдатқыш бар, оны Еуразэқ және т. б. елдерінің барлық ғалымдарына бірлескен зерттеулерде қолдануға болар еді.
Менің ойымша инновациялық зерттеулер мен әзірлемелер саласында да халықаралық ынтымақтастыққа орын бар. Бірлескен зерттеулер және әзірленген инновацияларды бірлесіп енгізу барлық тараптарға, қатысушыларға екі жақты пайдасын тигізеді. Мысалы үнділік ғалымдар мен инноваторлармен ынтымақтастыққа бастамашылық етуге, инновациялық әзірлемелерге өзара инвестициялар тартуға болады.
Айтып өткенімдей, біздің ғалымдарымыздың көптеген жаңалықтары өндіріске енгізілмей қалады, менің ойымша, оның себебі инновацияларды енгізу- бұл өзі үлкен жұмыс және ғалымнан бір мезгілде кәсіпкер де болуды талап ету менің ойымша, мүлдем дұрыс емес, сондықтан мемлекет ғалымдар құрған инновацияларды ендіруге көмектесуі керек, және бұл жүйелі негізде жасалуы тиіс. Осыған байланысты мен Қазақстан Республикасының ғылым мен технологиялары жөніндегі арнайы орталық мемлекеттік орган-Мемлекеттік комитет құруды ұсынамын. Осындай мемлекеттік орган мысалы Беларусьте бар. Аталған мемлекеттік орган ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғауы тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялар жөніндегі Мемлекеттік комитеті басқа мемлекеттік органдардың инновацияларды енгізу мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіруі тиіс, сондай-ақ жаңадан құрылатын комитет міндеттері тізбесіне ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық мәселелерін реттеу кіруге тиіс. Қарапайым тілмен айтқанда Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялар жөніндегі Мемлекеттік комитеті мемлекеттік бағдарламалар арқылы ел экономикасына инновацияларды енгізу жөніндегі өзіндік министрлік болуы тиіс (тек ғана өндірісте емес, жалпы алғанда, экономикаға).
Сонымен қатар, инновациялық дамуға өз кезегінде жаратылыстану және техникалық бағыттағы жоғары оқу орындары өз үлесін қоса алады. Менің ойымша жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін ғалымдардың инновациялық еңбектерін енгізу үшін мемлекет оларға университеттерінде енгізу және старт-ап компаниялар ашуға көмектесуі керек.
IT-индустрияны ынталандыру үшін біз Қазақстанда отандық бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды пысықтап құруымыз керек. Яғни отандық IT-өнімдерді әзірлеу үшін басқа да салаларында қолданылатын субсидиялау шараларды ұсынуымыз қажет. IT-сала-бұл жақсы экспорттық мүмкіндіктерге жеткілікті перспективалық сала және біз оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етуіміз керек, сондықтан, отандық математикалық мектепті дамыту керек. Мәселен, сол Беларусь білім беру жүйесінің арқасында бағдарламалық қамтамасыз ету экспорттаушысы болып табылады.
елде ғылымның дамуын және тиісінше инновацияларды әзірлеу саласын ынталандыратын тағы бір шара, шетелде жұмыс істейтін отандық ғалымдарды қайтару болып табылады. Білікті ғалымдар мен инноваторларға өзіміздің елімізде жағдай жасау керек. Меніңше тиісті мемлекеттік бағдарламаны қабылдап, жұмыспен қамту орталықтары арқылы қайтып келуге келісетін отандық ғалымдарға тиісті құрылымдарда жұмыс табу орынды болады, бұл кезекте осы санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік қаржыландыру көмегімен тұрғын үй мәселесін шешу керек, сондай-ақ, қайтып оралған ғалымдардың тұрғын үй мәселелерін оларды жұмысқа алғысы келетін бизнес-құрылымдармен және ұйымдармен бірлесіп шешуге де болады.
Өкінішке орай, біздің елімізде инновациялық менеджмент оқытылмайды, бұл үлен бір ғылым. Осыған байланысты, экономикалық және техникалық бағыттағы жоғары оқу орындарында инновациялық менеджмент жаңа мамандығын енгізуді ұсынамын. Сондай-ақ инновациялық менеджмент арнайы курсын әзірлеу және оны техникалық жоғары оқу орындарында оқыту керек.
Білім экономикасына көшуге мүмкіндік беретін тағы бір шара - ол технопарктер құру болып табылады. Технопарктер инновациялық компанияларға өз қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесуі тиіс. Технопарктердің міндеті инновациялық жобаларды, стартаптар, отандық және шетелдік инвестицияларды тартушы компаниялар-қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау болуы тиіс. Технопарктерді еркін экономикалық аймақтар түрінде құрған орынды.
Менің ойымша, бізге елде балалар шығармашылық үйлерін жаңғырту керек, бұрын мұндай үйлер пионерлер үйі деп аталатын. Бұл үйлерде және пионерлер сарайларында жас техниктер үйірмелері, жас модельдеуші-конструкторлар үйірмелері, жас химиктер мен биологтар үйірмелері, информатика және математика үйірмелері жұмыс істейтін. Болашақта осы балалардан ірі ғалымдар мен инноваторлар шығатын.
Барлық жоғарыда көрсетілген шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру керек, әрине, бұл шаралар болашақта толықтырылады және нақтыланады және әлі де өз мақалаларымда осы тақырыпты бірталай қозғайтын боламын. Ал қазір осыған орай Қазақстан Республикасының Үкіметінен менің атаған шараларымды пысықтауын сұраймын. Менің ұсынған барлық шараларымды дұрыс жүзеге асыру үшін Үкіметті мен басқаруым керек шығар.
Назарларыңызға рахмет!
Досымқұлов Рүстем Мүсілімәліұлы
Астана, 2017 г.
vk.com/dosymkulov