Қатындар түрлері ...

Feb 05, 2008 18:59

ЖАҚСЫ ҚАТЫН

Ақ жүзді қатын алсаң бойы сұңғақ,
Қасыңа шақырғанда келсе зулап.
Дауысы әу дегенде әрең шығып,
Кеудесі еңкейгеде етсе бұлғақ.

Қара қас, жазық маңдай, қара көзді,
Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді,
Мінезі майдай, ерткен қорғасындай,
Келсең де ерте-кешті бір мінезді.

Жүзінің ақ аралас қызыл беті,
Жаман сөз сөйлемейді, адал жіпті.
Болғанда тісі аппақ, пісте мұрын,
Ауызы қалжың сөзге болса епті.

Кетеді тузге барса қырдан асып,
Қосылған ғашық жары көңлі тасып.
Жақсы сөз, жаман сөзді бірдей біліп,
Ерінің сөйлемейді көңілін басып.

Аяғы мен табағын қойған жуып,
Сүймеңдеп сөз сөйлемес өсек қуып.
Бір сөзді екі сөз ғып еш айтпайды,

Көбейсін ұрыс-жанжал қайдан туып.
Болмайды киімінде еш уақыт кір,
Құманда дәрет суы жып-жылы тұр.
Сақтанып өсек сөзден бойып бағып,
Сүйреңдеп абысынға айтпайды сыр.

Кісі жоқ онан бұрын ерте тұрған,
Бүркеніп, оң қолына алар құман.
Етегі көйлегінің шұбатылып,
Асады маң-маң басып екі-үш қырдан.

Жат мінез, шайпау мінез еш болмайды,
Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған.
Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,
Тап-таза үйдің іші сыпырылған.

Жігітке адал жүріп болар серік,
Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.
Білгізбей бар болса да, жоқ болса да,
Ол бір марал - тұрганы қасын керіп.

Сыпаты жақсы қатын айтсам бітпес,
Мадықтап жаман қатын ерін күтпес.
Ұнатса аз ба, көп пе - тапқаныңды,
Кез келсе кедейшілік еш нәрсе етпес.

Көрмедім бір күн қызық бір күн қонып,
Айтар сөз мадықласам жатыр толып.
Сөзімді көңілдегі жаза алмадым -
Аттың жалы, түйенің қомы болып.

ЖАМАН ҚАТЫН

Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,
Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.
Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,
Қылады ұрыс, жанжал сөздің артын.
Кетеді таң аткан соң өсек бағып,
Еріне былшылдайды елді шағып.
Қонаққа тамақ бер деп ептен айтса,
Жүреді теріс қарап сыбыр қағып.
Аулақта жайгастырып айтсаң дағы,
Құлағынан кетеді судай ағып.
Ұрысуға болдырмайды үш күн салса,
Сөйлесе, ілестірмес сумаң қағып.
Аулақта жайғастырып айтсаң дағы,
Құлағынан кетеді судай ағып.
Ұрысуға болдырмайды үш күн салса,
Сөйлесе, ілестірмес сумаң қағып.
Кісіге күле сөйлеп келмес жанап,
Былшылдар ел көзінше байын қамап.
Таусылды куні-түні ет пен шай деп,
Қонағын қыстай келген бәрін санап.
Көжені көп ішеді оңашалап,
Құрдай боп үсті-басын сары алалап.
Ерінен сөйлегенде қалыспайды,
Сүйреңдеп алды-артынан жанасалап

Біреумен құрып отыр қатын кенес,
Сөздерін алмашалап салып егес.
Әу демес шақырғанда қайда десең,
Өзіңмен сөз сөйлейді болып теңдес.
Құман жатыр күл болып домаланып,
Шақ етер қайда десең, айқай салып.
Құйғаны ақшыл шама құманына,
Шаймен дәрет аласың тазаланып.
Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып,
Еш уакыт шаруа қылмас отын жағып.
Тазалық үй ішінде болмаған соң,
Бойыңда қадір баға қалар нағып.
Кетеді таң атқан соң өсек қуып,
Көрмеген тазалықтан бұрын туып.
Тыстан келсек, от сөнген, үй қараңғы,
Кетеді көргеннен соң ішің суып.
Кулде жаткан қалашты жеңмен сүртіп,
Тозаңдай тазалыққа келмес жуық.
Үй іші, шаруамен жұмысы жоқ,
Именбес ері ұрысса титтей бұғып.

Жаулығы желкесіне кетер қашып,
Еріне қарсы сөйлер көңлін басып.
Шығарып барлық шашын қоя беріп,
Тұзы жоқ көжесінің төгіп-шашып.

Орамал жерде жатыр, кірі батпан,
Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан.
Сүтінен шелектегі ит жаласа,
"Кет"!-деп еш айтпайды құдай атқан...

стихи, Қазақ ақындар

Previous post Next post
Up